Тоқаев тіл мен ұлтаралық қатынас мәселесін «саяси құралға» айналдырмауға шақырды

Бұған дейін орыс тілін дамыту халықаралық ұйымын құруды ұсынған


22/10/2022
17:20 26767 0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тіл мен ұлтаралық қатынасты «саяси құралға» айналдырмауға үндеді.

 

22 қазанда Республика күніне орай өткен салтанатты шарада президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілі мен ұлтаралық қатынас жөнінде мәлімдеме жасады. 

 

– Қазақстан халқын ұйыстыратын тағы бір символ – мемлекеттік тіл. Қазақ тілі мәңгілік мемлекеттік тіл тұғырында болады. Қазақ тілінің қолданыс аясын арттыра беру – мемлекеттің міндеті. Бұл жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді,  деді Тоқаев.

 

Тіл мен ұлтаралық қатынас туралы айта келе Тоқаев: «Осындай қоғамдық тұрғыдан сезімтал мәселелерді саясиландырудың кесірінен кейбір елдер қасіретті жағдайға ұшырады. Бұл – біздің жол емес» деді.

 

Бұған дейін Тоқаев Астанадағы саммит кезінде ТМД деңгейінде «орыс тілін дамыту бойынша халықаралық ұйым құру» идеясын қайталап, оны Ресей басшысы Владимир Путин қолдаған еді. Әлеуметтік желіде қолданушылар билік бірінші кезекте мемлекеттік тілге көңіл бөлуі тиіс деп, жоғарыдағылардың қазақ тіліне деген «салғырттығын» айыптап, сынаған. 

 

 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

22/10/2022 17:20
26767 0

Уведомление